Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) отырыстары:
2022 жылғы 28 наурыз сағат 14.00-де
2022 жылғы 29 наурыз сағат 14.00-де
Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі 50, 17 кабинет мекенжайы бойынша өтеді.
Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелігіне кандидаттарды әңгімелесуге қатысу үшін жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша келулеріңізді сұраймыз. Әрбір үміткерге күні мен уақыты жеке хабарланатын болады. Подробнее ‘Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы хабарлайды’ »
Ақтөбе қалалық мәслихаты хатшысының 2022 жылғы 28 ақпандағы №2-ө өкімімен бекітілген, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Атауы: Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесі; Пошталық мекен-жайы: 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі 50, 41 бөлме, Электронды пошта мекен жайы: maslihataktobe@mail.ru Анықтамалар үшін телефондар: 41-64-06 және 41-64-07. Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2022 жылғы «04» наурыз – «18» наурыз аралығы. Подробнее ‘Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелігіне конкурс өткізу туралы хабарлама’ »
28 ақпан күні Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Анар Даржанованың қатысуымен Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Күн тәртібінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу, жұмыс тобының төрағасын сайлау, сандық құрамын айқындау, Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы халықты хабардар ету мәселелері қаралды. Подробнее ‘Жұмыс тобының отырысы’ »
Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) бірінші отырысын өткізу туралы хабарландыру
«Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» ММ 2022 жылғы 28 ақпанда Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі 50, 17 кабинет мекенжайы бойынша сағат 15.00-де кандидаттар мен байқаушылардың қатысуымен Жұмыс тобының бірінші отырысы өтетінін хабарлайды.
Отырыстың күн тәртібі:
Қосымша ақпарат мына телефондар бойынша: 41-64-06, 41-64-07
Ақтөбе қаласының мәслихаты Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) сандық құрамы 6 адамды құрайды, олардың 2 мемлекеттік органның өкілдері, 4 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және Қазақстан Республикасының азаматтары.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары арасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсырады: Подробнее ‘Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ’ »
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес (әрі қарай – Заң), 03.01.2021жылғы №406-VI ҚРЗ өзгерістер мен толықтырулармен Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы (әрі қарай – Жұмыс тобы) Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінен шыққан мүшелерінің орнына қалған өкілеттік мерзіміне 6 (алты) адамды, оның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан 3 адамды және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен 3 адамды сайлауға конкурс жариялайды.
Хабарландырулар
Шығып қалған Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес (әрі қарай – Заң), Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы (әрі қарай – Жұмыс тобы) Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс құрамына 6 (алты) адам байқау жариялайды.
Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты қаланың қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылғы «22» ақпан – «05» наурыз аралығында.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат: Подробнее ‘Хабарландырулар’ »