Ақтөбе қалалық мәслихатының
сайты

Депутаты

Әбішева Нұргүл Молдабайқызы

03.10.2022 17:55

WhatsApp Image 2022-10-03 at 10.04.06

1965 жылы 29 тамызда Ақтөбе облысы, Темір қаласында туған.

Білімі:

1988 жылы Черкассы қаласының мемлекеттік педагогикалық институты, филология факультетін (Украина) бітірген;

2007 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін (филология мамандығы) бітірген;

Алматы қаласында филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі атағына диссертациялық жұмысын қорғады.

Жоғары санат, жұмыс өтілі 40 жыл.

Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты. Подробнее ‘Әбішева Нұргүл Молдабайқызы’ »


Дуржанов Талғат Сейілханұлы

09.03.2022 12:47

1975 жылы 22 қаңтарда Ақтөбе қаласында дүниеге келді.

 Білімі.

2006 жылы Мәскеуде “Современная Гуманитарная Академия” мемлекеттік емес білім беру мекемесін Юриспруденция мамандығы бойынша бітірді.

 Еңбек жолы.

1998 жылдан бастап жеке кәсіпкер.

2005 жылдан бастап “Жантас” ЖШС жалғыз құрылтайшысы.

2019 жылдан бастап “Batys City Group” құрылыс компаниясының құрылтайшысы.

Подробнее ‘Дуржанов Талғат Сейілханұлы’ »


Елеуов Алмас Жолдасұлы

06.03.2022 12:23

1982 жылдың 8 наурызында Ақтөбе қаласында туған.

Білімі.

2003 жылы Ақтөбе қаласында “Қайнар” университетін Заңгер мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы.

2004 – 2008 жылдары “Кабиев и К” ЖШС-да күзетші, кейін логист болып жұмыс істеді.

2008 – 2010 жылдары “Кабиев и К” ЖШС-да  тендер бөлімінің бастығы лауазымында болды.

2010 жылдан бастап “Кабиев и К” ЖШС директоры. Подробнее ‘Елеуов Алмас Жолдасұлы’ »


Амангелді Жанаим Маратұлы

28.12.2021 17:02

11994 жылы 12 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Білімі:

2009 жылы №17 орта мектепті бітірді.

2010-2013 жылдары “Ақтөбе байланыс және электротехника” колледжінің техник-радиотехник мамандығын бітірді.

2014-2018 жылдары Қазақ-Орыс халықаралық университетінде Менеджмент мамандығы бойынша білім алды.

 

Подробнее ‘Амангелді Жанаим Маратұлы’ »


Дүйсенов Әлібек Ғабиденұлы

15.12.2021 17:00

_DSC18911990 жылы 9 мамыр айында Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Білімі:

2008 жылы Ақтөбе қаласы № 13 орта мектебін бітірді.

2008 жылдан бастап 2012 жылға дейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде Экономика факультетінің Қаржы мамандығын оқып, бітірді.

Подробнее ‘Дүйсенов Әлібек Ғабиденұлы’ »


Асанов Сұлтан Құрванжанұлы

15.01.2021 19:25

 Асанов Султан1987 жылы 5 сәуірде Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында дүниеге келген.

Білімі.

Білімі жоғары. Алматы қаласы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын  инженер-энергетик мамандығы бойынша бітірген.

Кәсіби тәжірибесі.

Өзінің еңбек жолын 2005 жылы мектепті бітіргеннен кейін бірден “Жаңажол” кен орнындағы “Ақтөбеэнергонефть” 3 топ рұқсаттамасының электрмонтажшысы болып бастады.

“Жаңажол” кен орнындағы “Ақтөбеэнергонефть” МҚК диспетчері (жедел-диспетчерлік тобы). Онда кен орны объектілерін үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етті және қосалқы станцияларды жедел басқаруды жүзеге асырды(2006 – 2009 жж.). Подробнее ‘Асанов Сұлтан Құрванжанұлы’ »


Байлиева Райса Оразбекқызы

15.01.2021 18:32

Байлиева Раиса

1975 жылы 17 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1982 жылдан 1992 жылға дейін Ақтөбе қаласындағы №6 Ворошилов атындағы қазақ-орыс орта мектебінде оқыды. 2002 жылы ҚР ІІМ Ақтөбе заң колледжін бітірген. 2011 жылы Алматы қаласындағы Орталық Азия университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Орал қаласының Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірді.

Кәсіби тәжірибе.

1991 жылдан 1994 жылға дейін “Спартак” балалар спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеді. 1994-2016 жылдары Ақтөбе қаласының Ішкі істер органдарында қызмет атқарды.

1986 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін самбо және Дзюдо күресімен, әмбебап күреспен айналысады.

“№1 орта мектеп ” КММ директордың сыныптан тыс тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. Подробнее ‘Байлиева Райса Оразбекқызы’ »


Балтымова Мира Рашидқызы

15.01.2021 17:00

Балтымова Мира1976 жылы 22 наурызда Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген.

Білімі.

1996 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің шығыстану факультетін «Шығыстану (араб филологиясы)» мамандығы, 1998 жылы осы факультеттің магистратурасын «Елтану» мамандығы бойынша үздік дипломдармен бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, 150-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2015» атағының иегері.

Кәсіби тәжірибесі.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы №138 гуманитарлық өнер лицейінде араб тілінің мұғалімі болып бастаған. 1998 жылдан бері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, факультет деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі, бас ғылыми хатшы қызметтерін атқарды.

Подробнее ‘Балтымова Мира Рашидқызы’ »


Габдушева Гүлмайрам Жаңарысқызы

15.01.2021 15:42

Габдушева Гульмайрам1979 жылы 22 қыркүйекте Ақтөбе обылысында дүниеге келді.

Білімі. 

1996 жылы Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы орта мектебін бітіріп, 1996-1998 жж Ақтөбе есеп және сауда колледжіне оқыды. 1999-2002 Қарағанды ​​экономикалық университеті, мамандығы – есепші-аудитор. 2015 жылдың мамыр айынан бастап – Ақтөбе облысы Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі.

Кәсіби тәжірибесі.

2016 жылдың мамырынан бастап – Ақтөбе облысының саясаткер әйелдер клубының мүшесі. 2017 жылдың мамыр айынан бастап – Ақтөбе қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Еңбек жолын 1998 жылдың қыркүйегінде “Рауан” Кеден-қаржы колледжінде экономикалық пәндер лаборанты болып бастады. Подробнее ‘Габдушева Гүлмайрам Жаңарысқызы’ »


Даржанова Анар Нұрлыбекқызы

15.01.2021 15:23

WhatsApp Image 2021-02-02 at 08.56.04

1967 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келген.

Білімі:

1984 ж. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін бітірген.

1989 ж. Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2015 ж. Ақтөбе қаласындағы Қазақ-орыс халықаралық университетінің магистратурасын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Кәсіби тәжірибесі:

1989-1999 жж. Ақтөбе қаласында «Продтовары» АҚ, «Азық түлік» АҚ сауда саласында қызмет еткен.

1999-2006 жж. Ақтөбе қаласы әкімдігінің бөлімдерінде мамандығы бойынша қызмет еткен.

2007-2016 жж. «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарған. Подробнее ‘Даржанова Анар Нұрлыбекқызы’ »